Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды

Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) толыққанды мүшесі болды. Елдің шекарасындағы бақылау бірлестік елдері үшін алынып тасталады. Бұл жөнінде Тengrinews.kz хабарлайды.

"12 тамыз күні Қырғызстан Республикасын ЕАЭО-ға қосу туралы келісім күшіне енді. Енді Қырғызстан одақтың толыққанды мүшесіне айналды", - делінген ақпаратта. "Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі мемлекет үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Тауар айналымы, қызметтер мен еңбек күшіне қатысты шектеулер алынады. Күрделі инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асыратын және инвестициялық мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Қырғызстан азаматтары жұмыс жасауға барған елінің азаматтарымен тең құқыққа ие болмақ", - дейді комиссия. Қырғыз-қазақ шекарасындағы бақылауды алу шарасы 12 тамыз күні өтеді. Оны телекөпір режимінде екі елдің басшылары қатыса отырып ашатын болады. Экономистердің айтуынша, шекара ашылған соң арзан қырғыз тауарлары қаптайтын болады. Бұл қазақстандық алып-сатарларды қиын жағдайға қалдырады. Бәрінен бұрын шағын жеке кәсіпкерліктер үшін ауыр болады. Ал, Қазақстан мен Қырғызстан нарығын қанағаттандыра алатын өндірістік қуаты бар компаниялардың ісі өрге домалайды. Ал, арзан көліктерге қатысты айтар болсақ, еліміздің отандық авто өнеркәсібін сақтандыру мақсатында Қазақстан белгілі шектеулер қойды. Яғни, Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін әкелінген машиналар автомобиль нарығына ене алатын болады. Қалған көліктерге жеңілдетілген тарифтерсіз кеден салығы енгізіледі.

Похожие материалы