Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстаннан экспортталған ауылшаруашылық өнімдері қайтарылды

Қырғызстаннан экспортталған ауылшаруашылық өнімдері қайтарылды

Алматы. 3 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың қазанның 21-28 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан әкелу кезінде Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылығыныңың 29 фактісі анықталды деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясынан 14 тонна картоп, 121,03 тонна бидай тонна міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Қырғызстан Республикасынан 20,01 тонна жүзім, 22 тонна кептірілген жемістер міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан 70 тонна құрма, 0,9 тонна анар Шығыс жеміс жемірі және Комсток сымыры атты карантиндік объектілер қатарына жатқызылды.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 236,61 тонна және 20 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылып, 70 тонна залалданған өнім жойылды.

Бұған дейін қырғызстандық жүк тасымалдаушылары шекарада 360 рет жүк заң бұзғандығы туралы ақпарат белгілі болған еді.

Похожие материалы