Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстан премьері Астанаға келеді

Қырғызстан премьері Астанаға келеді

Бішкек. 18 қазан. 7kun.kz - Қырғызстан премьері Сапар Исаков 18 қазанда Астанаға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Қырғызстан үкіметі хабарлады.

Жұмыс сапарында Сапар Исаков Қазақстан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі.

Кездесу барысында қандай мәселелер талқыланатыны әзірге белгісіз. Бірақ Қырғызстан-Қазақстан шекарасында орын алған жағдай талқыланады деп күтіліп отыр.

Еске салсақ, Қырғызстан-Қазақстан  шекарасында бақылау күшейтіліп, шекарада бірнеше шақырымға созылған кептеліс болғаны хабарланған еді.

Похожие материалы