Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстандағы ең бай 10 адам

Қырғызстандағы ең бай 10 адам

Бішкек. 15 мамыр. 7kun.kz - Қырғызстандық БАҚ-ның мәліметі бойынша елдегі ең бай 10 адамның тізіміне кіретіндер шенеуніктер немесе билікке жақын жүргендер екен. Бұл туралы «Алиби» газеті жариялады.

Басылымның мәліметінше елдегі ең бай адамдардың тізімін Қырғызстанның экс-премьер-министрі Омурбек Бабанов бастап тұр. Оның қаражаты 1,5 млрд доллар.

Бұл тізімдегі жалғыз бизнесмен «Дордой» базарының президенті А.Салымбековтің 1,2 млрд доллары бар.

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев 650 млн доллармен үшінші орында.

Ары қарай тізім былай жалғасады: Экс-мэр Н. Тюлеев – 500 млн Экс-депутат К. Батыров – 400 млн Экс-депутат Б. Сан – 350 млн Экс-депутат К. Самаков – 320 млн ЖК Спикері Ч. Турсунбеков – 300 млн Экс-депутат Р. Шин – 280 млн Экс-министр А. Жапаров – 250 млн.

Похожие материалы