Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмыссыз қалған кеденшілер жұмыспен қамтылады

Жұмыссыз қалған кеденшілер жұмыспен қамтылады

Қырғызстан шекарасында кедендік және көліктік бақылаудың тоқтауына байланысты жұмыссыз қалғандар Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің бөлімшелеріне және ҰҚК Шекара қызметіне ауыстырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Қайрат Маубаев мәлім етті.

«Босаған штаттар мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелеріне қайта орналастырылады. Сонымен қатар кейбір қызметкерлерді Ауыл шаруашылығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне, мұнымен қоса ҚР ҰҚК Шекара қызметіне беру туралы қарастырудамыз», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның ЕАЭО-қа қосылуы туралы келісімнің күшіне енуіне орай қазақстандық-қырғызстандық шекараның учаскесінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылауға тыйым салынды. inform.kz

Похожие материалы