Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақта 6 негізгі азық-түлік жиынтығының бағасы бойынша Қырғызстан Қазақстаннан кейін екінші орынға жайғасты.
Азық-түлік жиынтығына ең қажетті деген өнімдер кіреді. Ол сиыр, қой еті, сарымай, нан, картоп, бір литр сүт және он жұмыртқадан тұрады. Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда мұндай жиынтықтың ең арзаны 17 доллар 12 центті құрайды. Ал, Қырғызстанда сәл қымбат – 17 доллар 45 цент. Ресейде азық-түлік жинағы 22 доллар 87 центке бағаланады. Бұл – ең қымбат көрсеткіш.
Азық-түлік өнімдерінің өзге түрлері де айтарлықтай арзандаған. Оған бағаның маусымдық құбылуы әсер етпейді. Мәселен, ең арзан сарымай барлық ЕЭО елдері бойынша Қырғызстанда. Бұған қарап, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер еуразиялық нарықты меңгере бастағанын көруге болады. Өндірілетін өнім мен экспорт көлемі де артты.