Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда ақша көлемі қыркүйекте 5,3 пайызға артып, 20,509 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі қыркүйекте 0,2 пайызға (1,816 трлн теңге) дейін төмендесе, қаңтар-қыркүйекте 3,9 пайызға өскен.
Тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейдегі банктердің мерзімді депозиттерін есептемегенде) 12,3 пайызға (қаңтар-қыркүйекте - 18,3% ) өсіп, 5,669 трлн теңгеге дейін жетті. 2017 жылдың 9 айында ақша көлемі 3 пайызға көбейген.
Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына өтті. Теңге еркін айналымға жіберіліп, ұлттық валютаның айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылатын болды.