Экономика
Қысқы мерекелерге қарай коттедждер бағасы төмендейді
Қазақстанда күздің соңы мен қыс – коттедждер мен таунхаустар сатып алуға ең қолайлы кезең. Homsters.kz сервисінің сарапшылары Алматының коттеджді кенттері мен таунхаустарының сатылымына қатысты пікір білдіреді.
Олардың сөзінше, жылдың бұл мезгілдерінде мұндай баспаналар бойынша мәмілелер аз жасалады да, кейбір нысандардың бағасы, әсіресе, қысқы мерекелер қарсаңында, төмендеуі мүмкін. Бұған қоса, таунхаустардан үйлер мен апартаменттерді қыста сатып алған қожайын көктем шыққаннан кейінгі белсенді жұмыстарға дейін интерьер мен ландшафт дизайны жобаларын жасап үлгереді.
«Коттеджді кенттер мен таунхаустар қазақстандықтар арасында айтарлықтай тұрақты сұранысқа ие. Бұл, біздің ойымызша, мұндай тұрғын үй кешендерінің республикамызда қала сыртында орналасатындығымен байланысты. Салыстырар болсақ, мысалы, ТМД-ның басқа елдерінде коттедждер мен таунхаустар әдетте қала сыртындағы баспана саналады. Қазақстанда жылжымайтын мүліктің осындай түрін таңдай отырып, «кең жерде» тұрғандай, сонымен бірге, қала инфрақұрылымынан қол үзбеген жағдайда өмір сүруге болады», - деп есептейді Homsters.kz онлайн-сервисінің қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникова.