Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ыстықкөлдегі мәдени орталықтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Ыстықкөлдегі мәдени орталықтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Қырғызстан. 22 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі «Рух Ордо» мәдени орталығынан алынып тасталды, деп хабарлайды 7kun.kz KaktusMedia-ға сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш Ыстықкөлдегі «Рух Ордосынан» алынып тасталды. Ескерткіш көлдің жанында, аркалардың оң жағында орналасқан. Ол оның 2005 жылы 65 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылды. «Рух Ордоның» жаңа фотосуретінде ол енді жоқ. Шамасы, ескерткіш бір жылдан астам уақыт бұрын алынып тасталған, өйткені былтыр демалушылар түсірген видеода ол көрінбейді», – делінген хабарламада.

Қырғызстан президентінің әкімшілігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Похожие материалы