Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай алғашқы шетелдік әскери базасын құрды

Қытай алғашқы шетелдік әскери базасын құрды

Пекин. 1 тамыз. 7kun.kz - Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын Африкада ашты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Джибутиде (Шығыс Африка) жергілікті уақыт бойынша таңғы 08:00-де салтананатты түрде Қытайдың туы көтерілді. Осыдан кейін ҚХР-дың әскери кемелері жағалауға тоқтады.  Салтанатты шараға 300 әскери мен теңізші қатысқан, олардың ішінде Қытайдың Әскери теңіз күштері басшысының орынбасары Тянь Чжуна бар.

Бұл базаға алғашқы әскерилер биыл маусымда жіберілді. Мұнда барлығы 2000 әскери қызмет атқаратын болады.

Әскери база аймақтағаы әскери бейбітшілік операциялар, Африка мен Батыс Азияға гуманитарлық көмек жеткізуге арналған. Сонымен қатар, онда әскери жаттығулар да өтетін болады.

Еске салсақ, Қытайдың Африкада әскери база салып жатқаны 2016 жылы белгілі болған.

Айта кетейік, Джибути - халық саны 740 мың адам болатын Шығыс Африкадағы мемлекет. Бұл ел аумағында қазір АҚШ, Франция мен Жапонияның әскери пунктері бар.

Похожие материалы