Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай елдің ірі мұнай компанияларын біріктіруі мүмкін

Қытай елдің ірі мұнай компанияларын біріктіруі мүмкін

Қытай билігі американдық Exxon Mobil Corp. немесе ағылшын-голландық Royal Dutch Shell секілді шетелдік бәсекелестерден асып түсуге қабілетті алпауыттарды құру мақсатында елдің ең ірі мұнай-газ және мұнай-химия компанияларын біріктіру перспективаларын қарастырып жатыр деп жазады The Wall Street Journal.

Консультативтік комиссияның зерттеп жатқан нұсқаларының бірі - China National Petroleum Corp. (CNPC) және оның ішкі нарықтағы негізгі бәсекелесі China Petroleum Corp. (Sinopec) компанияларын біріктіру. Олай болған жағдайда көптеген параметрлер бойынша әлемдегі ең ірі компания құрылады.

Сонымен қатар осы саланың басқа екі ірі мүшесі - China National Offshore Oil Corp. (CNOOC) пен Sinochem Group-ты біріктіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Біз шетелдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында ірі қытайлық брендті қалыптастырғымыз келеді. Бізде өзіміздің ExxonMobil болғандығын қалаймыз", - деп мәлімдеді қытай шенеуніктерінің бірі.

Соңғы шешімнің қабылдану мерзімі әлі анықталмаған. Сонымен бірге Қытай билігі кез келген уақытта Жылу энергетикалық кешен консолидациясының идеяынан бас тартуы мүмкін.

Мұнай бағасының төмендеуі дүние жүзі бойынша мұнай-газ секторындағы M&A нарығындағы белсенділікті жоғарылатуы мүмкін: күштірек бәсекелестер әлсіреп қалған компанияларды сатып алу мүмкіндігін пайдалауы мүмкін деп түсінік берді сарапшылар. Өткен жылы ең ірі мәмілелердің бірі канадалық Talisman Energy Inc. сатылуы болды, бұл компанияны испандық Repsol $8,3 млрд-ға сатып алуға келісіпті.

 

Похожие материалы