Қытайлық отбасылрға екі балалы болуға рұқсат берілді. Мұндай шешімді мемлекеттің коммунистік партиясы қабылдады деп хабарлайды Reuters.
Қытайдағы балалы болу процесін реттейтін "Бір отбасы - бір бала" кампаниясы 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олардың мақсаты ҚХР халық санын 2000 жылы 1,2 млрд адамға қысқарту болған. Бағдарлама жүзеге асырылуы үшін үнемі бақылауда болды. Алға қойған мақсат орындалып, 2000 жылдың қараша айында қытайлықтардың саны 42,5 млнға артты. Бұған қоса халық санағына енбей, құжатсыз жүргендердің саны 30 млн болды.
Алайда бағдарлама тиімді болған жоқ. Қытайда әйелдер саны артып, халықтың қартайып кетуі белең алды. Сондай-ақ, қытайлықтар іріктеу арқылы түсік жасатады, яғни іштегі ұл бала болған жағдайда ғана босануға мүмкіндік берілді. Түсік жасату әйелдердің еркінен тыс орын алып, билік жүкті әйелдерді есептеп, қажетті шараларды күшпен жүзеге асырады.