Экономика
Қытай Бразилияға 50 миллиард доллар инвестиция бағыттайды
Қытай Бразилиядағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларға шамамен 50 млрд. доллар инвестиция жұмсайды деп хабарлайды BBC.
Келесі аптада ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Кэцян Бразилияға іссапармен барады, сонда тиісті құжаттарға қол қойылмақ.
Бразилияның атлантикалық жағалауы мен Перудың Тынық мұхитымен шектесетін жағалауы арасындағы темір жолдың құрылысына қаражат бөлінеді, бұл Қытайға бағытталған экспорт құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қытай болат өнідру жөніндегі біріккен кәсіпорындарға, автокөлік қосалқы бөлшектерін шығаруға, электр энергетикасы мен порттарды дамытуға қаражат бағыттайды.
Латын Америкасындағы іссапары барысында Ли Кэцян Бразилиямен қатар Колумбияда, Перу мен Чилиде болады. Осы жылдың қаңтарында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай осы аймаққа он жыл ішінде 250 млрд. доллар инвестиция жұмсайтындығы туралы мәлімдеген болатын.