Қытай Иранның мұнай саласына 20 млрд еуро инвестиция салды, алдағы уақытта 3 есеге дейін өсуі мүмкін. Бұл Ислам республикасының мұнай министрінің орынбасары Шейири Мокаддам мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС. Мокаддамның сөзінше, Қытай - қазір әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы.
Оның атап өтуінше, алдағы уақытта Пекинде инвестицияны ұлғайту туралы шешім қабылданады.
Қазір ҚХР-дың мұнай өңдеу зауыттары Хузестан провинциясының оңтүстік-батысындағы Ядаваран кен орнында өңдеу жұмыстарын жүргізуде, ол жердегі қара алтын көлемі 30 миллард баррелді құрайды. Бірінші кезең бойынша, тәулігіне 75 мың баррель мұнай алынбақ. Қытайлық Sinopec-ке салынған инвестиция 2 млрд долларды құрайды.
Өз кезегінде CNPC компаниясы Солтүстік Азадегандағы кен орындарын өңдеуге 2 млрд доллар инвестиция салды, ол жердегі өндіріс көлемі тәулігіне 120 мың баррелді құрайды.
Қазір ядролық бағдарламаға байланысты Иранға АҚШ пен ЕО тарапынан санкциялар режимі енгізілген. Иран мұнайының негізгі бөлігін Үндістан, Қытай және басқа да елдер сатып алады.