Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Пекин Чжунгуаньцунь технопаркін Кремний алқабының анологі етеді. Пекин билігі технопарктегі IT жобаларды жасау үшін өзге елдердегі таланттарды тартуға арналған бағдарламасын іске қосты.
Шетелдіктерге виза алудың тиімді шарттары мен мансап жолында жарқын келешекті уәде етті. Билік, тіпті, шетелдік мамандардың елге өздерінің қызметкерлерімен келуіне рұқсат беруге де дайын. Бұрын бұған тыйым салынған еді.
Қытай астанасында орналасқан Чжунгуаньцунь (Z-Park) технопаркі шетелдік IT-мамандарды тартуға арналған жаңа бағдарлама дайындады.
Шетелдік қызметкерлерге ықтияр хат пен визаны алу процесін жеңілдетеді. Ықтияр хатқа қол жеткізгендер жеңілдіктер алады, шекараны кесіп өту кезінде үлкен еркіндікке ие болады. Ықтияр хат - шетелдіктерге ұлттық инновациялық бағдарламаларды басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қытайдағы ғылыми-зерттеу институттарының заңды өкілі ретінде шыға алады. Пекин билігі шетелдік мамандардың елге өздерінің қызметкерлерімен келуіне рұқсат беруді жоспарлап отыр. Дегенмен, бұл әзірше заң бойынша тыйым салынған.
Чжунгуаньцун Қытайдағы Кремний алқабының аналогы және ҚХР-дағы алғашқы технопарк болып саналады.
Парктің аумағы 488 шаршы километр. Онда 16 ғылыми орталық бар. Көптеген компаниялардың Чжунгуаньцунде кеңселері орналасқан. Атап айтқанда, Lenova мен Baidu. Дегенмен, Reuters көрсетуінше, технопаркке шетелдік мамандар жетіспейді.
"Z-park технопаркінде өзге елдерден бар болғаны 10 000 маман ғана жұмыс істеп жатыр. Ал Кремний алқабында халықтың үштен бір бөлігін - шетелдік IT сарапшылары құрайды», - деді, Пекиндегі Коммунистік партия өкілдігінің кадр потенциалын басқару бөлімінің бастығы Лю Миньхуа.
ҚХР алдымен жасанды интеллект пен суперкомпьютер саласындағы мамандарды іздеп отыр. Себебі бұл екі сала арқылы АҚШ-пен бәсекелесетін болады.
Бағдарламалаушылар мен ғалымдарды тарту Чжунгуаньцун шетелдегі өкілдіктерінің көмегімен іске асырылатын болады. Парктің кеңселері 10 елде, соның ішінде, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия және Финляндияда орналасқан.
IT саласындағы жоғары санаттағы мамандар Қытайға Made in China 2025 стратегиясын орындауға қажет. Бұл стратегия бойынша Қытай технологиялық тұрғыдан тәуелсіз және көптеген салаларда көшбасшы елге айналады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қытай билігі 300 млрд долларға жуық қаражат жұмсайды. Сондай-ақ, ҚХР ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестиция көлемін ұлғайтуды жалғастырады. 2017 жылы Қытай осы салаға 1,76 трлн юань (279 млрд доллар) жұмсады. Бұл 2016 жылға қарағанда 14 пайызға артық.
Дегенмен, Қытай жасанды интеллект технологиясына баса назар аударып отыр. 2030 жылға қарай Қытай осы саладағы әлемдік көшбасшы болуды және жасанды интеллект саласындағы технологиялар нарығын 150 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Қания Табыс