Қытай Орталық банкі 1 наурыздан бастап экономика дамуын қолдап, дефляцияның алдын алу мақсатында негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті.
12 айлық несиелер бойынша негізгі мөлшерлеме 0,25 пайыздық пунктке, яғни 5,35%-ға дейін, ал депозиттер бойынша 0,25 пайыздық пунктке, яғни 2,5%-ға дейін төмендеді.
Орталық банк мәлімдемесі бойынша, бұған дефляциялық тәуекелдердің артуы, шикізатқа деген әлемдік бағаның құлдырауы себеп болған.
Қазір Қытайда тұтынушылық баға өсімі баяулап, жылжымайтын мүлік саласында бағаның түсуі байқалады. Бұған дейін негізгі мөлшерлеме қараша айында төмендетілген болатын, ал ақпан айында банктерге арналған қосымша талаптар азайтылған-ды.
Орталық банк, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға, ел экономикасындағы түрлі қиындықтар мен үлкен көлемдегі қарыздарға алаңдаулы.
Сарапшылардың айтуынша, Қытай үкіметі осы жылы экономкиа өсімі туралы ресми болжамды 7%-ға дейін шегеруі мүмкін.