Экономика
Қытай валютасы АҚШ долларына қатысты арзандауы мүмкін
Қытайдың ұлттық валютасы АҚШ долларына қатысты 7%-ға арзандауы мүмкін. Бұл туралы Pacific Investment Management (PIMCO) болжамына сілтеме жасап, Bloomberg хабарлайды.
Кеше Шанхайдағы сауда кезінде доллар бағамы 6,3571 юань болды. Сондай-ақ, сарапшылар Малайзия мен Оңтүстік Кореяда валюта курсының төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Сарапшылардың хабарлауынша, Қытай Ұлттық банкі (ҚҰБ) мемлекет экономикасын қолдау барысында келесі 12 айда 75 базистік пунктерінің базалық пайыз төлемдерін 4,6% деңгейінде түсіріп, банктердің сақтау қоры нормаларын 2 пайызға азайтуды жоспарлап отыр. "Болжам бойынша, тұтынушылар шығыны мен тұрғын үйлердің бағасы түсе береді. ҚҰБ-тан жауап күтеміз", - делінген PIMCO есебінде.
Қордың болжамы бойынша, Қытайдың ЖІӨ сәуір-маусым айларында 7%-ға көтерілгеннен кейін алдағы төрт тоқсанда 5,5-6,5%-ға өсуі мүмкін.