Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Қытайда шикі мұнай өндірісі маусымда 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3 % төмендеп, 15,85 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Синьхуа Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Басқарманың берген ақпаратына сәйкес, осы уақыт аралығында 49,78 млн тонна шикі мұнай өндірілген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары.
Қытай - әлемдегі ең ірі мұнай сатып алушылардың бірі. Елдің тұтынатын 60 % астам мұнайы шетелден әкелінеді. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытайға 225 млн тонна мұнай жеткізілген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,8 % жоғары болып отыр.
Ал, мааусымдағы табиғи газ өндірісі 12,18 текше метрді құрап, өсім 5,6 пайызға жеткен.
Қытай 2020 жылға дейін отандық мұнай өндірісін 200 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал, газ саласының өндірісін 6,114 текше метрге дейін апармақ.
Мұнайгаз секторы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше міндеттерді орындауы керек. Атап айтқанда, отандық өнімдерді жеткізе алу үшін мұнайгаз кен орнын барлау және іздестіру жұмыстарын жылдамдатып, құбыр желісі жүйелерінің құрылысын іске қосуы керек. Сондай-ақ, энергияның экологиялық таза көздерін дамыту міндеті туындап тұр.