Сәрсенбі күні Қытайдың Тяньцзинь қаласында химиялық қоспалар сақталған қоймалардың бірінде болған жойқын жарылыс адамзат тарихындағы аса ірі техногенді апаттардың бірі ретінде есте қалды.
Жарылыстан 50 шақты адам қаза болып, 500-дей адам жараланған. 50 адам із-түссіз кеткендер санатына жатқызылды. Қаза тапқандардың 9-ы оқиға орнына бірінші болып барған өрт сөндірушілер. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, жарылыс толқыны 10 шақырым аумаққа дейін жайылған. Жақын маңдағы үйлер түгелдей дерлік қирап, 10 шақырым қашықтықтағы ғимараттардың терезелері мен төбелеріне зақым келген. Әлемдегі № 1-ші суперкомпьютер саналатын Тяньхэ 1А суперкомпьютері орналасқан ғимараттың терезелері мен төбесі зақымданып, суперкомпьютер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір жарылыс орын алған қойманың қожайыны тұтқындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Химиялық қоспалардан тұтанған өрт әлі жануда.
Шошынып қалған тұрғындар өртті бақылап тұр.
Зардап шеккен тұрғынның бірі.
Жарылыстан кейінгі металл балқымасы.
Жарылыс толқыны 10 км қашықтықтағы ғимараттардың терезелерін жұлып әкеткен.
Өрттен кейін жұмысшылар жатақханаға орала бастаған.
Жүздеген көлік зақымданды. Бұл туралы кеше хабарлаған едік.
Жарылыстан зардап шеккен тұрғын.
Бүгін жарылыс аумағын тазарту жұмыстары басталды.
Жарылыс салдарынан өртенген көліктер. Көліктер сатылым алаңында тұрған күйі данып кеткен.
Медициналық көмек көрсетуге беталған жедел жәрдем көлігі.
Жарылыстан зардап шеккен құтқарушы.
Суреттер lenta.ru сайтынан алынды.