
Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Әлемдегі ірі жел турбиналарын өндіруші - қытайлық Xinjiang Goldwind Science and Technology компаниясы 2018 жылы Алматыда жел энергиясы негізінде қуаттылығы 5 млн Вт болатын екі қондырғы тұрғызады, деп хабарлайды «Қытайдың қаржы газеті».
«Goldwind қазақстандық тараптан тапсырыс алып, CITIC Construction-мен сәйкес келісімге қол қойды. Бұл компанияның таза энергия өндіруді арттыруды көздейтін Қазақстандағы алғашқы жел энергиясы жобасы», - деп жазды басылым.