Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Юанның әлсіреуінен Қытай компаниялары 7,5 млрд шығын шекті

Юанның әлсіреуінен Қытай компаниялары 7,5 млрд шығын шекті

2015 жылы юань курсының төмендеуі және Қытайдың Орталық банкі арқылы девальвацияға ұшырауы компаниялардың қаржы секторына кері әсерін тигізді.

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, биржаға қарайтын 980 компанияның жиынтық шығыны юанның әлсіреуіне байланысты өткен жылы 48,7 млрд юаньға жетті ($7,5 млрд). Бұл 2014 жылғы шығынмен салыстырғанда 13 есе жоғары.

Компаниялардың жиынтық көрсеткіші 2015 жылы 11%-ға қысқарып, 789,2 млрд юаньға дейін төмендеген.

Ал мемлекеттік China Petroleum & Chemical Corp. (Sinopec) мұнай өңдеу зауытының шығыны курсқа байланысты 3,9 млрд юань болды. Әуе компаниялар болса жалпы 17,9 млрд юань шығын шекті, жылжымайтын мүлік саласындғы компаниялар шығыны - 11,9 млрд юань.

Өткен жылы юанның долларға қатысты бағамы 4,5%-ға төмендеп, 1994 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болды. Юанның әлсіреуі қытайлық компаниялардың долларға деген тәуелділігін бірден арттырды.

Похожие материалы