Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Юра дәуірінің әлемі" киносы рекорд орнатты

"Юра дәуірінің әлемі" киносы рекорд орнатты

Universal Pictures студиясы түсірген "Юра дәуірінің әлемі" (Jurassic World) киносы көрсетілімнің бірінші аптасындағы касса жиыны бойынша жаңа рекорд орнатты: тіріліп кеткен динозаврларды баян ететін фильм дүние жүзінде 524,1 млн доллар жинады деп хабарлайды Bloomberg.

Осылайша, 1993 жылы басталған серияның төртінші бөлімі кассалық жиын бойынша Гарри Поттер туралы соңғы фильм "Гарри Поттер және Ажал тартуы: 2 бөлімі" қол жеткізген көрсеткіштен (2011 ж. 483 млн доллар) асып түсті. АҚШ пен Канадада "Юра дәуірінің әлемі" 208,8 млн доллар тапты - бұл алдыңғы рекордсмен "Кек алушылар" фильмінің жиынынан (207,4 млн доллар) артық. Солтүстік Америкадан тыс жерде де Стивен Спилберг продюсерлік еткен кино рекорд орнатты - 315,3 млн доллар. "Сарапшылардың болжамынан соншалықты артық нәтиже көрсеткен бір де бір картина да есімде жоқ. Бұл ғажайып дебют. Осы табыстың толқынымен осы жылдың жазғы маусымы кинокомпаниялар үшін тарихтағы ең үздік маусым болуы ықтимал", - деді Rentrak консалтинг фирмасының аналитигі Пол Дергарабедян. Жаңа фильмінің арқасында Universal студиясы да жаңа рекорд орнатты - студия барлықтарынан бірінші болып Америка көрсетілімінде 1 млрд доллар және әлемде 3 млрд доллар тапты. Жыл басынан Warner Bros. фильмдерінің жиыны 885 млн долларды қамтыды, Disney - $856 млн.

Похожие материалы