Өркениетті экономиканың тірегі деп бәсекелестік және ашықтықты атауға болады. Олай болмаса, экономикада қателік орнап, шешім қабылдау кезінде қылмыстық жемқорлыққа бой алдыруы мүмкін. Күні кеше ЕО ауыл шаруашылығын қолдау үшін 500 млн еуро бөлді. Қаржы аударылғаннан кейін ЕО сайтынан толық ақпаратты көруге болады. Кімге қанша және қандай шартпен аударылды деген сұраққа жауап аласың. Дәл осы жүйе барлық секторда қолданылады.
Қазақстанда да мемлекеттік қолдау бар, бірақ толық ашықтық жоқ. Елде девальвацияның қажеттілігін экспортшыларды қолдау керектігімен түсіндірді. Олардың ұлттық экономикаға қанша пайда әкеліп отырғандығы, мемлекеттік бюджетке қанша төлеп отырғандығы туралы толық ақпаратты қайдан білуге болады. Олардың жалақысы қандай, бонусы қандай? Үкімет мүшелері, Ұлттық банк және "Самұрық - Қазына" басшысы қанша алады? Олар экономикадағы қазіргі жағдайда қаншалықты миға қонымды? Мәселе олардың қаншалықты көп алатындығында емес, қаншалықты өздеріне сай екендігінде. Мұндай мәліметтер Батыста құпиялылыққа жатпайды. CNN арнасының сарапшылары мемлекет басшыларының жалақысы туралы материал дайындаған. Ол құжаттан біраз қызықты көруге болады. Әлемдегі екінші алпауыт саналатын Қытай басшысының жылдық еңбекақысы 20 806 еуроны құрайды. Ол экономикасы өте қиын жағдайдағы ОАР президентінің жалақсынан 10 есе аз. Ал бізде Қытай лидерінің еңбекақысын аудан әкімдері алады. Міне, шектік деңгей осындай. Қызықты арифметика.