Қызылорда. 13 маусым. 7kun.kz - Қызылорда қаласының аумағы екі есеге өсті. Ресми шекараға бірнеше аумақтық бірліктер қосылған. Соның нәтижесінде, елді-мекеннің аумағы үлкейді деп хабарлайды uber.kz порталы.
Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес, Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облысының мәслихаты қаланың аумағына кірмейтін, бірақ әкімшілік шекара бар бірнеше жерді қалаға қосуға шешім қабылдады.
Бұл жөнінде әкімнің баспасөз хатшысы Руслан Каюпов хабарлады. Ол бұрын қала аумағы шамамен, 6,5 мың гектарды құраған. Десе де, билік басындағылар ресми шекараға 7 мың гектар қосып, біршама көбейтті. Осылайша, 3 мың орман массивін, 458 су қоры, 3,3 мың жер қоры мен шамамен, 55 га ауыл шаруашылығына арналмаған жер қосылды.
Осыған дейін тұрғын-үй, емхана және өзге де әлеуметтік нысандар салу жоспарланған болатын. Осылайша, қалада тұруға жағдай жасалып жатыр дейді биліктегілер.