Қызылорда. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Қызылорда облысындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы аяқталған соң өндірістік нысанда 1,5 мың жұмыс орны құрылады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев.
«Біз екі кезектен тұратын тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастаймыз. Нәтижесінде 1,5 мың жұмыс орны ашылады», - деді Қ.Көшербаев.
Комбинаттың бірінші кезектегі құрылысы аясында жылына 2 млн тонна кенге дейін, екінші кезең аясында 2017 жылдан бастап - жылына 4 млн тонна кенген дейін өндіру және өңдеу жоспарланған.
«Облысымыз ванадий, мыс, сирек кездесетін металдар қорына ие болғандықтан, біз металлургиялық кластер құру бойынша жұмысты бастадық. Үкімет арнайы Жол картасын бекітті. Жоғары технологиялы заманау металлургия облысымыз үшін мұнайдың баламасы бола алады деп ойлаймын. Оған барлық алғышарттар бар», - деп баса айтты өңір басшысы.
Сонымен бірге, әкімнің мәліметінше, гидрометаллургия зауытының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
«Жобаны жүзеге асыру бізге металл мырышын және қорғасын коксын алуға және қорғасын алуды 55% дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қ.Көшербаев.
Фото:azh.kz