Қызылорда. 25 ақпан. 7kun.kz - Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілері азайды. Бұл туралы облыстың статистика департаменті хабарлады.
2016 жылғы 1 ақпанына жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,1% азайған. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 82,1%, шаруа (фермер) қожалықтары – 6,8%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,9%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.