Қызылорда. 22 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылғы қаңтарда Қызылорда облысындағы бөлшек сауда айналымы 14321,2 млн теңгені құрады және 2015 жылғы тиісті кезеңінен 7,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2016 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 3945,9 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 5,1%-ға төмендеді. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 59,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға азайды, ал азық-түлік тауарлары – 4,3%-ға артты.
2016 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 3858,3 млн теңгені құрады, саудадағы күндері – 52 күн.