Қызылорда. 10 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 256 теңгені құрады. Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға, 2015 жылғы желтоқсанмен – 1,4%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,5%; жемістер мен көкөністерді –10,2%; нан және жарма өнімдерін –8,6%; қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,9%-ды құрады.