Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" байқауы аяқталды

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" байқауы аяқталды

Жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған "Өз бизнесіңді қалыптастыр" ("Построй свой бизнес") байқауы аяқталды. Бүгін Алматыда жеңімпаздар марапатталды.

Жеңімпаз болғандар: "Kassengaly Handmade" шеберханасы және шина өңдеумен айналысатын "Анохин" ЖК.

Бұл жобаға бастамашы болған белгілі бизнесмендер Кеңес Рақышев пен  Вячеслав Ким. Сонымен қатар  Singularitem венчурлік қоры, "Kaspi Bank"АҚ, "Сәби" қайырымдылық қоры қолдау көрсеткен.

"Өз бизнесіңді қалыптастыр" байқауы 2014 жылдың қарашасында Кеңес Рақышевтың бастамасымен басталды. Оған жасы 18 бен 35 аралығындағы төрт жүзден астам кәсіпкер қатысты. Әрбір қатысушы өзінің бизнес-жобасын таныстыратын 2 минуттік ролик дайындауы тиіс еді.

Биылғы жылы байқаудың жүлде қоры 200 мың доллар болып, 6 жүлдегер анықталды деп хабарланған еді. Жеңімпазға 100 мың доллар көлеміндегі өтеусіз грант берілуі тиіс болған. Бірақ демеушілер мен әділқазылар жеңіске лайықты жобалардың көптігінен, жүлдегер санын 9-ға жеткізіп, екі жеңімпазға 100 мыңдық грантты бөліп тапсыруды жөн санады. Сәйкесінше жүлде қоры да арттырылды.

Шара барысында "Анохин" ЖК өкілі Шалагин Павел мен "Kassengaly Handmade" шеберханасының иесі Ерлан Теміржановқа 50 мың долларлық грант табысталды. Финалға жеткен қалған 7 жобаның әрқайсысы 20 мың долларлық гранттарға ие болды.

"Жеңіп алған қаржыны жаңа шеберлерді жұмысқа алып, жаңа жабдық пен шикізатқа жұмсаймын. Қазір біздің өнімімізді орта және жоғары әлеуметтік топтағы адамдар пайдаланып жатыр. Ендігі мақсатымыз - тауарларымызды барлық әлеуметтік топтар үшін қол жетімді қылу", - деді байқау жеңімпазы Е.Теміржанов.

Демеушілердің бірі "Kaspi bank" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким жүлдегерлерді анықтаған кезде бірегей, қоғамға келтіретін пайдасы мол, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын жобаларға басымдық берілгендігін айтты.

"Жеңімпазды анықтау кезінде біз бейімделген бизнес-жобаларға зор көңіл бөлдік. Қазақстандық жағдайларға, біздің ділімізге сай бейімделген стартаптарға қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп мәлімдеді В.Ким.

Жоба бастамашысы Кеңес Рақышев бұл жобаның басты мақсаты отандық өнімдердің, қызмет түрлерінің танымалдығын арттыру екендігін атап өтті.

"Жеңімпаздарды анықтаған кезде біз мына критерийлерге басымдық бердік: біріншіден, жұмыс тәжірибесі; екіншіден, осы грант арқасында қатысушы қанша жұмыс орнын ашады. Үшіншіден, мемлекетке төленетін салықтың мөлшері қандай болатындығын ескердік. Төртіншіден, жаңа бизнестің бәсекеге қабілеттілігін де естен шығармадық", - деп түсінік берді К.Рақышев.

Келешекте бұл жоба жалғасын табады деп хабарлады жоба ұйымдастырушылары.

Похожие материалы