Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зағипа Балиева Отбасы министрлігін құруды ұсынды

Зағипа Балиева Отбасы министрлігін құруды ұсынды

Астана. 14 сәуір. 7kun.kz - Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева отбасы, жастар мен балалар құқығын қорғауды бір министрлікке біріктіруді ұсынды. Ол мұндай ұсынысты Президент жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат комиссиясының отырысында жасаған.

Депутататтың айтуынша, елде отбасы, әйелдер мен балалар, жастар ісі мәселелерін реттейтін біріңғай орган жоқ.

«Жастар ісі бір министрлікте, балалардың құқығын қорғау тағы біреуінде, отбасы мәселесі бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен басқа бірде бір орган қарамайды. Бұл мәселе аяқсыз қалмайды деп ойлаймын. Осы мәселелердің бәрін қадағалауды бір министрлікке тапсыру керек», - деді Зағипа Балиева.

Депутат бұл мәселелерді Үкімет басына жолдады.

Похожие материалы