Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов жылжымайтын мүліктің заңсыз құрылысы үшін салынатын айыппұл көлемін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 319 бабына сәйкес, 2014 жылдың 5 шілдесінен бастап ҚР заңының №235 бөлімі бойынша, "Тұрғын үй, өндірістік, шаруашылық, гидротехникалық және тұрмыстық объектілерінің заңсыз құрылысы үшін" айыппұл салынады.
Жеке тұлғаларға 15 АЕК көлемінде, заңды тұлғалар мен шағын кәсіпорын субьектілеріне коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал орта кәсіп иелеріне 50 АЕК, ірі кәсіпорын субъектілеріне салынатын айыппұл 200 АЕК көлемінде болады. Сонымен қатар, құрылыс объектісі заңсыз жерден алынып тасталынады.
Одан бөлек, "Әділет министрлігінің ресми сайтында "Актуалды сұрақтар" рубрикасы бар екенін айта кетті. Онда министрлік қызметкерлері кез келген сұраққа жауап береді", - деп атап өтті Олжас Рамазанов.