Экономика
Заңдастыру басталғаннан бері бюджетке 3,2 млрд теңге түсті
2016 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша іс жүзінде мемлекет бюджетіне 3,2 млрд теңге түсті. Заңдастыру шаралары жүргізілгеннен бастап заңдастырылған барлық жылжымайтын мүлік, ақша және бағалы қағаздар сомасы - 827,1 млрд теңге болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады .
Баспасөз баяндамасында хабарланғандай, осы күнге дейін 1 104,6 млрд теңгеге бағаланған 78 949 өтінім түскен, ал оның ішіндегі заңдастырылғандардың жалпы сомасы - 8 27,1 млрд теңге.
Мекеменің айтуынша, Қазақстан аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру жөніндегі жергілікті комиссия мен мемлекеттік кіріс мекемелеріне мүлікті заңдастыруға 791,8 млрд теңгенің 78 538 өтініші түсті. Сонымен қатар, бүгінге дейін 520,7 млрд теңгеге 65 897 бағалы қағаздар мен нысандар заңдастырылған.
Ал шет аймақта орналасқан мүлікті заңдастыруға мемлекеттік кіріс мекемелеріне 1 200,0 млн теңгеге бағаланған 44 өтініш түсті. Ал соның ішінде құны - 1 147,5 млн теңгенің 43 нысаны мен бағалы қағаздар заңдастырылды.
Ұлттық Банктің есептеуінше, 2016 жылдың 26 ақпан айына дейін екінші деңгейдегі банктерге 345,9 млрд теңгені заңдастыруға 417 шот ашылды (оның 291,5 млрд теңгесі шоттан алынды). Сондай-ақ, заңдастырылған ақша сомасы 305,2 млрд теңгені құрайды. Ал мемлекеттік кіріс органдарында декларация шоттарын ашпай жатып ақшаны заңдастыру тіркелмеген.