Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ZARA-ның негізін қалаушы біраз уақыт әлемдегі ең бай адам болды

ZARA-ның негізін қалаушы біраз уақыт әлемдегі ең бай адам болды

ZARA дүкенінің негізін қалаушы, 79 жастағы испандық  Амансио Ортега алғаш рет әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі Билл Гейтсті қуып жетті. Бұл туралы Forbes миллиардерлердің акцияларының қазіргі уақыттағы бағасына сілтеме жасап хабарлады.

Industria де Diseño Textil холдингтік компаниясының бір акциясының құны рекордтық көрсеткіш 33,99 еуро болғаннан кейін, 23 қазан күнгі Ортега активтерінің бағасы 80 миллиард долларға жетті. Алайда, Microsoft корпорациясы тез арада тізімдегі біріншілікті Ортегa акцияларың құны 33,80 еуроға түскенде қайтарып алды.  Forbes басылымы хабарлағандай, екі миллиардердің рейтінгі алдағы күндерде өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта Ортега рейтингтің екінші орынында тұр. Сонымен қатар, жыл сайын жарияланып отыратын Forbes-2015  ең бай адамдар тізімінде, өткен жылы испандық төртінші орынды иеленген болатын.

Похожие материалы