Экономика
Өзбекстан мен Украина ТМД-дағы ауыл шаруашылық өндірісінде Қазақстанды артта қалдырды
Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — ТМД елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің қандай сомаға шығарылғандығы анықталды.
Статистикалық комитетінің мәліметінше, Қазақстанда АӨК өнімдері 12,7 млрд доллар көлемінде өндірілді, бұл - Достастықтағы төртінші көрсеткіш.
Көшбасшылар үштігінде Ресей, Украина және Өзбекстан орналасты. Бұл елдердің ауыл шаруашылығындағы өндіріс нәтижесі 20 млрд доллардан жоғары. Сонымен бірге Ресейде бұл көрсеткіш Қазақстанға қарағанда 6,4 есе көп.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы саласын белсенді дамытатын Беларусьте 9,3 млрд долларға өнім өндірілді. Ал Армениядағы ең төмен нәтиже тіркелдіі - 2 миллиард доллардан аз.