Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы қайтыс болды

Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы қайтыс болды

Ташкент. 24 мамыр. 7kun.kz - Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Файзулла Муллажанов қайтыс болды. Ол бұл лауазымға 1991 жылы тағайындалған. Бұл туралы өзбек басылымдары хабарлады.

"Біздің елдің банктік-қаржылық жүйесі ауыр қазаға ұшырады.  2017 жылдың 23 мамырында Өзбекстан банктік жүйесінің негізін қалағандардың бірі, ірі экономист, тәжірибелі жетекші, республиканың Орталық банкінің төрағасы Файзулла Максуджонович Муллажонов 67 жасында дүниеден озды", - деп жазылған мемлекет басшылығының қолы қойылға некрологта.

Орталық банк қызметкерлерінің айтуынша, банк төрағасы ауыр сырқатына қарамастан соңғы күніне дейін жұмыс орнында болды.

Оның жерлеу рәсімі сәрсенбі күн өтеді.

Файзулла Муллажанов Сырдария облысының тумасы, Өзбекстанның басты қаржы институтын құрылғаннан бері 26 жылға жуық басқарған. 

Похожие материалы