Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзбекстан Орталық банкі банктердегі салымдардың 8,1%-ға өскені туралы хабарлады

Өзбекстан Орталық банкі банктердегі салымдардың 8,1%-ға өскені туралы хабарлады

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Өзбекстан банктеріндегі халықтың салымдарының көлемі 8,1%-ға өсіп, 15,891 млрд сумды (1,88 млрд доллар) құрады, - деп хабарлайды Kursiv.kz.

Өзбекстан Орталық банкінің деректері бойынша көрсетілген кезеңде ұлттық валютадағы салымдар 10,3%-ға ұлғайды, ал олардың үлес салмағы 62%-ға жетті. Өз кезегінде валюталық салымдардың қалдығы 4,7%-ға өсті, ал олардың халық салымдарының жалпы көлеміндегі үлесі 39%-дан 38%-ға дейін азайды.

2018 жылы банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 14,7 триллион сумды (1,7 млрд доллар) құрады, ол 2017 жылы 12,2 трлн сум, 2016 және 2015 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 8,531 трлн (1 миллиард доллар) және 6,966 триллион сумға (824,2 миллион доллар) тең болды.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда 29 коммерциялық банк жұмыс істейді, оның 6-ы жеке меншік болып табылады. Елдің 5 банкі шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған.

Похожие материалы