Өзбекстан. 4 шілде. 7kun.kz – Өзбекстан конституциясының Қарақалпақстанның егемендігіне қатысты баптарын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дүйсенбі күні Өзбекстан парламенті Олий Мәжілісінің төменгі палатасының отырысы өтті.
«Өзбекстан Республикасы Президенти Ш.Мирзиёев Жоғарғы Кеңес депутаттарымен және Қарақалпақстан жұртшылығы өкілдерімен кездесуде барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін атап өтті. Яғни, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптары өзгеріссіз қалдырылып, қолданыстағы нормалар сақталады». - деп хабарлайды Олий Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар депутаттар конституцияға түзетулерді талқылау мерзімін 15 шілдеге дейін ұзарту үшін дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін Өзбекстан президенті Нөкістегі қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасында қаза тапқандар бар екендігі туралы хабарлады.