Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзбекстан Қазақстаннан бензин импорттай бастады

Өзбекстан Қазақстаннан бензин импорттай бастады

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Келесі аптадан бастап қазақстандық бензинді экспортқа шығару үшін барлық жағдайлар жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Маусым айынан бастап біз бензинді экспорттау үшін барлық жағдай жасадық, бұл процесс келесі аптада басталады деп үміттенемін. Біздің бензиніміздің экспорты Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге, Атырау МӨЗ-нан Орта Азия елдері мен еуропалық елдерге жүзеге асырылады», - деді Бозымбаев.

Ол қазақстандық бензин Өзбекстан,Тәжікстан және одан әрі Ауғанстан сияқты елдерге экспортталатынын айтты.

Похожие материалы