Ташкент. 19 қыркүйек. 7kun.kz - Өзбекстанның Орталық банкі өзбек сумына қатысты шетелдік валюталардың жаңа курсын белгіледі. Бұл туралы uznews.uz хабарлады.
Өткен аптамен салыстырғанда доллардың курсы 14.65 сумға арзандап, 8077.48 сум болған. Ал еуроның курсы 72.52 сумға төмендеп, 9646.13 сумға түскен.
Өзбекстан президенті 2017 жылдың 2 қыркүйегінде валюта саясатын ырықтандыруға қатысты жарлыққа қол қойған болатын.
Дереккөз: inform.kz