Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Өзбекстан президенті «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды ынталандыру туралы» жарлыққа қол қойды, - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Құжатта «ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 7,5 млн сум мөлшеріндегі біржолғы ақшалай сыйақы белгілеу» (Өзбекстан Республикасының Орталық банкінің ағымдағы бағамы бойынша 887 АҚШ доллары) белгіленді.
Ардагерлерге төлем жасауға байланысты шығындар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
Ресми деректерге сәйкес, екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 миллионнан астам өзбек қатысты, оның жартысынан астамы майданнан оралмады.
Жергілікті БАҚ деректері бойынша, қазіргі уақытта Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 870-тен астам адам және тыл қызметкерлері тұрады. 2017 жылы соғыс ардагерлеріне 2 миллион сум (236,5 доллар) төленді, 2018 жылы бұл сома 5 миллион сум (591 доллар) болды, бұл биылғы жылмен салыстырғанда шамамен 300 долларға кем.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда ардагерлерге біржолғы төлемдер 100 мыңнан 540 мың теңгеге дейін құрады.