Экономика
Өзбекстанда ұшу алдында әр жолаушының салмағы өлшенеді
Өзбекстандық "Узбекистон хаво йуллари" мемлекеттік әуе компаниясы ұшырылым алдында жолаушыларды қол жүгімен қоса өлшейтін болды. Осы әдіс арқылы әуекомпания әр жолаушының орташа салмағын есептеп шығармақ.
Компания хабарлауынша, мұндай қадамға Халықаралық әуе тасымалы ассоциациясының талабынан барып отыр. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл әдіс әлем елдерінде де қолданылады екен. Мәселен, Air France артық салмақтағы жолаушы бір орынға сыймаса, екі орынның ақысын төлетеді екен.
Бұдан бөлек жолаушы салмағы жайлы ақпарат ұшаққа жұмсалатын отын шығынын дәл анықтауға мүмкіндік береді.