Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзбекстанда тойға әнші шақыруға лимит қойды

Өзбекстанда тойға әнші шақыруға лимит қойды

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz – Олий Мәжілісі Сенаты мен заң шығару палатасы Өзбекстанда үйлену тойы туралы жаңа ережені қабылдады. Ереже бойынша үйлену той кортежі үш автокөліктен тұруы керек. Үйлену тойына 250 адам, ал таңертеңгілік палау 300 адам шақыруға болады, - деп хабарлады upl.uz.

Сонымен қатар, енді үйлену тойына әншілерді шақыруға шектеу қолданылатын болады. Лимитке сәйкес, азаматтар үйлену тойына тек 2 әншіні шақыра алады.

Сондай-ақ, енді әншілер мен тойды ұйымдастырушылар өзара шарт жасауға міндетті.

Похожие материалы