Экономика
Выбор редактора
Өзбекстанда жеке меншік пен кәсіпкерлікке қолдау білдіріледі
Өзбекстанда мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық тірегі бола алатын жеке меншік иелерінің тобы пайда болуы керек. Бұл туралы мемлекет президенті Ислам Кәрімов министрлер кабинетіндегі отырыста жасаған мәлімдемесінде жария етті.
Мәлімдемеге сәйкес, 2014 жылы шағын бизнес және жеке кәсіпкерлік аясында 480 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта аталған бағытта еңбекпен қамтылған халықтың 76,5%-нан астамы жұмыс істейді.
Президент коммерциялық банктер тарапынан кәсіпкерлерді несиелендіру көлемінің өсіп келе жатқанына назар аударды. Мәселен, өткен жылы Өзбекстанда шағын бизнес өкілдеріне несие 2013 жылға қарағанда 1,3 есе көп берілген, ал микронесие көлемі 39%-ға артқан.
Ислам Кәрімов Өзбекстанның 2014 жылы бизнес жүргізу үшін жасалған жағдай бойынша 8, ал салық салу бойынша 61 сатыға көтерілгенін айтты.
Өз мәлімдемесінде президент мемлекеттің ел экономикасындағы рөлін қайта қарастырып, стратегиялық және экономикалық тұрғыда қысқарту керектігіне тоқталып өтті.