Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзбектер жемқорлықпен күресуге шындап кіріспек

Өзбектер жемқорлықпен күресуге шындап кіріспек

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 2017-2018 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды Lex.uz.

Бағдарламаға сәйкес елдің бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаев басқаратын ведмствоаралық комиссия құрылып, оның құрамына ІІМ, Әділет министрлігі, Статистика комитеті, Бәсекелестікті қорғау комитеті, Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық пен түрлі қоғамдық ұйымдардың басшылары кірді.

Бағдарлама аясында Қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге арналған Ұлттық бағдарлама жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ жақын уақытта елдегі басты заңдар түгел толықтыру мен өзгеріске ұшырамақ. Олардың қатарында «Мемлекеттік қызмет», «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық ақпаратты тарату туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Жәбірленушілер мен куәгерлер және қылмыстық іске басқа да қатысушыларды қорғау туралы», «Әкімшілік үрдістер туралы» заңдар бар.

Похожие материалы