Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнет жасын жыл соңына дейін шешеміз – Ералы Тоғжанов

Зейнет жасын жыл соңына дейін шешеміз – Ералы Тоғжанов

Нұр-Сұлтан. 18 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда 2023 жылдан бастап зейнетке шығу жасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер зейнетке шығу жасына қатысты мәселені жылдың соңына дейін шешілетінен мәлімдеді.

«Әлеуметтік кодекс аясында бұл мәселені талқылаймыз. Жыл соңына дейін шешеміз», - деді Ералы Тоғжанов.

12 мамыр күні Тоғжанов Қазақстандағы зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді қарастыру жоспарда бар деген.  

Зейнетке шығу жасын ұлғайту әйелдер үшін 2018 жылдан басталған. Сол жүйемен жалғаса берсе, 2027 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 болады. Ал ер адамдар үшін де бұл меже 63 жас.

Похожие материалы