Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнеткерлік жасына жеткен мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттігі ұзартылды

Зейнеткерлік жасына жеткен мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттігі ұзартылды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнеткерлік жасына жеткен кейбір мемлекттік қызметткерлердің өкілеттік мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Қаулы бойынша энергетика министрі Владимир Школьниктің қызметі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкілеттігі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Батталовтың қызметі - 2020 жылдың 22 қарашасына дейін, Атырау облысының әкімі Бақытқожа Салахатдиновтың өкілдігі  - 2016 жылдың 1 қыркүйегі, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше жағдайлар және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтың қызметі - 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін және Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше жағдайлар және өкілетті елшісі Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлының өкілдігі - 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Фото: oskemen.info

Похожие материалы