Экономика
Зейнетақы активтері қайда инвестицияланады?
БЖЗҚ сайтында 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы активтері арқылы құралған инвестициялық портфелдің құрылымы жарияланды. Есеп бойынша, ҚР Ұлттық банкінің басқаруындағы БЖЗҚ активтері 6,07 трлн теңгені құрайды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы 2016 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурыз аралығында 2,4%-ды құрады. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері бойынша жылдық табысы 16,9%-ды құрады. Инвестициялық портфелдегі қаржы институттарының қарызын өтеуге қажетті орташа табыс 10,5%-ды құрайды.
Осыған дейін хабарланғандай, 2016 жылы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері келесі бағыттар бойынша инвестицияланады:
- республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін ҚР-ның құнды қағаздарын иелену;
- шетелдік қаржы нарығына инвестиция салу үшін шетелдік валютаны сатып алу;
- шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің қаржы құралдарына инвестициялау;
- квазимемлекеттік сектордағы қарыздық құнды қағаздар субъектілеріне инвестиция салу.
Зейнетақы активтерінің портфеліндегі ҚР-нің мемлекеттік құнды қағаздар үлесі (МҚҚ) 45,16% (2 739,69 млрд теңге) құрайды. Шетелдік мемлекеттердің МҚҚ үлесі 0,85%-ға дейін төмендеді.
2016 жылдың наурызында халықаралық қаржы ұйымдарының облигация көлемі 0,50 млрд теңгеге көтеріліп, 85,74 млрд теңгені құрады. Олардың портфелдегі үлесі 1,41% құрайды.
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттер көлемі 338,13 млрд теңгені құрайды. Олардың портфелдегі үлесі 5,57%. БЖЗҚ-нің портфеліндегі есептік кезеңде 12,00 млрд теңгедегі негізгі қарыз төленді деп жазылған.
Наурыз айының ішінде ұжымдық облигациялар көлемі 0,43 млрд теңгеге ұлғайып, 2 217,74 млрд теңгені құрады. Олардың портфелдегі үлесі - 36,55%, жабылуы тиісті орташа табыс - жылдық 8,7%.
Портфельдегі шетелдік эмитенттердің ұжымдық облигациялар үлесі - 2,78%. Наурыз айында жалпы құны 0,28 млрд теңге болатын шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларының негізгі қарызы жабылды.