Астана. 19 қазан. 7kun.kz – Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.
«Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын», – делінген жарлықта.
Еске салайық, Петр Врублевский Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне шақырылтылып, оның Ресейге қатысты айтқан сөзіне наразылық білдірген еді. Ол кейін сұқбатта айтқан сөздері үшін Қазақстаннан кешірім сұрағен болатын.