Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кембридждің 28 жастағы түлегі Қазақстанда ұлттық холдингтің басшысы болып тағайындалды

Кембридждің 28 жастағы түлегі Қазақстанда ұлттық холдингтің басшысы болып тағайындалды

Кембридж Университетінің 28 жастағы түлегі Әсел Жұбанышқызы Жиенбаева «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы «Зерде» холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін аталған қызметті Бикеш Құрманғалиев атқарды.

Әсел Жиенбаева 1987 жылғы 8 шілдеде дүниеге келген.Осыған дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі жөніндегі департамент директоры лауазымдарын атқарған.

Әр жылдары Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясы Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқармасының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, ақпараттық технологиялар жобалары жөніндегі менеджер лауазымдарын атқарды.

2014 жылы Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында магистр дәрежесін алған.

Похожие материалы