Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зерттеушілер биткоинның 2013 жылдан бергі өзгерісін анықтады

Зерттеушілер биткоинның 2013 жылдан бергі өзгерісін анықтады

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Тель-Авив университетінің және Талса Америкалық университетінің зерттеушілер тобы 2013 жылдың аяғында биткоин бағасымен жасалған өзерісті анықтады. Соның салдарынан криптовалюта бағамы екі айда 150 доллардан 1000 долларға дейін өсті. «Биткоин экожүйесіндегі бағаны манипуляциялау» деп аталатын жұмыс Monetary Economics журналында жарияланды. Одан алынған үзінділер TechCrunch-те берілген.

Құжат авторлары Mt.Gox-дағы күдікті әрекеттердің криптовалютаның бағамына деген әсерін талдады. Онда алаяқтық жолмен шамамен 188 млн доллар тұратын 600-ға жуық биткоинмен ымыра жасалды.

Зерттеушілер белгісіз әзірлеуші манипуляциялау үшін ​​екі ботты - Маркус пен Виллиді пайдаланды деген қорытындыға келді. Шын мәнінде, олар өздері қолданған биткоиндарды иеленбеді. Десе де, олар криптовалютаның құнына әсер етті. Бұл биржалық сауда көлемінің өсуіне себепші болды.

Алаяқтық мәмілелер әшкерленіп, жойылған күнде де биржаларда орташа сауда-саттық көлемі өсті. Нәтижесінде бот өнімділігінің белсенді күндерінде битокиннің долларға шаққандағы орташа көрсеткіші 4 пайызға артты. Бірақ басқа уақыттарда аздап төмендегенін көрсетті, деп атап өтті зерттеушілер.

Сауда-саттық көлемінің ұлғаюы Mt.Gox үшін пайдалы болды. Биржа әр транзакция үшін комиссия алып тұрды.

Похожие материалы